АҚШ-тың жаңа президенті көрші елдерге салық салып, Путинмен байланыс орнатты. Вашингтон саясаты Орталық Азияға қалай әсер етпек? Сарапшымен сұхбат.
Украина прокурорлары, Батыстың құқықтық сарапшылары мен журналистер Ресейдің әскери қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинап, олардың бәрін құжатқа тіркеп, бірнеше санатқа бөліп шыққан. Жантүршіктірер бес қылмысты атап шығайық.
Ресей әскері Украинаға шабуылды үдетті. Одесса қаласы екі күннен бері дрон шабуылының астында қалды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің бірлескен жиынында сөз сөйлеп, Владимир Зеленскийден маңызды хат алғанын айтты. Еуропа тарабы қарулы күштерді нығайтуға арнайы қор құрмақ.
Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының лидері Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Алматының тергеу абақтысында бір жыл экстрадициялық қамауда отырып шықты. Азаттық Азияға берген сұхбатында белсенді түрмеде өткізген бір жылы мен алдағы жоспары жайлы баяндады.
Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық соты тоғызқұмалақшы балаларды жеке көлігімен алып келе жатып, жол апатына ұшыраған жаттықтырушыға 1 жыл 6 ай бостандығынан айыру жазасын шартты түрде кесті. Сот үкімі 3 наурыз күні шыққан.
- Жаңаөзенде жүзден аса адам ереуілдеп тұр. Жұмысшылар жалақы аз дейді. - Алматыдағы Қазақ-Британ университеті мемлекетке қайтарылды. Құлыбаевтар оны қалай алып еді? - Америка Украинаға жіберетін әскери көмекті уақытша тоқтатты. Зеленский «ақшамыз жетеді» дейді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмек түрін тоқтата тұруға шешім шығарды. Сарапшылар мұның салдары ауыр болатынын айтады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "ең ірі серіктесінен" әлі де күдер үзбейтінін мәлімдеді.
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жөнінде қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі хабарлады.
Сербия парламенті депутаттары Белградтағы парламенттің мәжіліс залында файер мен түтіндететін шөлмек қолданып, кемі үш адам жараланды.
Тағы