Украина прокурорлары, Батыстың құқықтық сарапшылары мен журналистер Ресейдің әскери қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинап, олардың бәрін құжатқа тіркеп, бірнеше санатқа бөліп шыққан. Жантүршіктірер бес қылмысты атап шығайық.
Ресей әскері Украинаға шабуылды үдетті. Одесса қаласы екі күннен бері дрон шабуылының астында қалды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің бірлескен жиынында сөз сөйлеп, Владимир Зеленскийден маңызды хат алғанын айтты. Еуропа тарабы қарулы күштерді нығайтуға арнайы қор құрмақ.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмек түрін тоқтата тұруға шешім шығарды. Сарапшылар мұның салдары ауыр болатынын айтады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "ең ірі серіктесінен" әлі де күдер үзбейтінін мәлімдеді.
АҚШ пен Украина президенттерінің Ақ үйде журналистер алдында сөз таластыруы әлемдік геосаясатта үлкен дүрбелең тудырды. Осы «айтыстан» кейін Еуропа лидерлері Украинаға қолдау білдіріп, жаңа бейбітшілік жоспарын әзірлейтінін мәлімдеді.
Дәл қазір Ақ үйде Украина президенті Владимир мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесіп жатыр. Олар бағалы минералдар туралы келісімге қол қоймақ. Ал Ресей әскері Украинаны атқылауды тоқтатар емес.
27 ақпанға қараған түні Мәскеу мен Киев бір-біріне жүздеген дрон атты, Ресейдің әуе шабуылынан Украинада 5 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал Ресей жағында бір адам опат болды. АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге осы апта қояды. Зеленский сол үшін Вашингтонға бармақ.
Украинаның Францияда жаттыққан 155-жеке механикалық бригадасында дезертирлер көбейіп, командирі қамауға алынып, қалған жауынгерлер құрал-жабдық тапшылығына шағынып жатыр. Қазір бұл бригада Покровск қаласын Ресейдің шабуылынан қорғау міндетін атқарып отыр.
АҚШ пен Украина пайдалы қазбаларға қатысты келісім жобасының шарттарын мақұлдады. Егер өзара келісімге қол жетсе соғыс біте ме?
Тағы