Украина прокурорлары, Батыстың құқықтық сарапшылары мен журналистер Ресейдің әскери қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинап, олардың бәрін құжатқа тіркеп, бірнеше санатқа бөліп шыққан. Жантүршіктірер бес қылмысты атап шығайық.
Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының лидері Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Алматының тергеу абақтысында бір жыл экстрадициялық қамауда отырып шықты. Азаттық Азияға берген сұхбатында белсенді түрмеде өткізген бір жылы мен алдағы жоспары жайлы баяндады.
Кейінгі жылдары ресейлік "Яндекс" компаниясы өзі қызмет ететін салада Орталық Азияның басым бөлігінде монополистке айналды. Оның тасымалдау және жеткізу қызметіне шынайы бәсекелес Қырғызстанда да, Қазақстанда да, Өзбекстанда да жоқ. Алайда компания тәжік нарығына ене алмады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді "ақиқат пен әділ істің жақтаушысы" деп атайды. Бірақ өзі билікте отырған алты жылда жекелеген телеарна мен газеттерге ғана сұхбат бергені болмаса, барлық БАҚ өкілдерінің басын қосып, еркін форматта баспасөз жиынын өткізген емес. Мұның себебі не?
Қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді.
Ресей бастаған соғысты аяқтау, Украинамен сирек минералдар жөнінде келісім және Вашингтон мен НАТО-ның жаңа қарым-қатынасы. Халықаралық саясаттағы бас айналдырар жаңалықтар легін қысқаша түсіндіреміз.
Freedom House халықаралық адам құқықтары ұйымының "Құқық үшін күрес" деп аталатын жылдық есебінде әлемде еркіндік тағы шектеле түскені айтылған. Зерттеушілер кейінгі 19 жылда еркіндік нығаймай келеді дейді. Ұйым Орталық Азия елдерін "еркін емес" деп бағалаған.
Украинаның Францияда жаттыққан 155-жеке механикалық бригадасында дезертирлер көбейіп, командирі қамауға алынып, қалған жауынгерлер құрал-жабдық тапшылығына шағынып жатыр. Қазір бұл бригада Покровск қаласын Ресейдің шабуылынан қорғау міндетін атқарып отыр.
Тағы