Украина қалаларының соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі көрінісі. Спутниктен түсірілген суреттер
2022 жылы 24 ақпанда басталған Ресей басқыншылығының кесірінен Украинаның біраз қаласы қирап қалды.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

1
Донецк облысы Соледар қаласы маңындағы Яковлевка ауылын Ресей 2022 жылы желтоқсанда басып алған. Спутник суреттерінен ауылдағы қираған үйлер мен ауыл шаруашылығы объектілерін байқауға болады.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

2
Ресей Луганск облысындағы Рубежное қаласын 2022 жылғы мамырда басып алды. Бұл спутник суреттері 2020 жылы қазанда және 2022 жылы қыркүйекте түсірілген.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

3
Ресей Донецк облысындағы тұз шахтасы бар Соледар қаласын 2023 жылы қаңтарда тасып алды. 2021 жылы жазда және биыл қаңтарда түсірілген спутник суреттерінен қаланың қаншалықты қирағанын салыстыруға болады.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

4
Киев маңындағы Мощунь ауылы соғыстың басында негізгі шайқас алаңдарының бірі болған. Мұнда 2800 үйдің екі мыңы қирағаны хабарланды. Спутник суреттері 2019 жылы және 2022 жылы наурызда Украина әскері ауылды азат еткен соң түсірілген.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

5
Соғыс кезінде қатты шабуылға ұшырап, Ресей бақылауына өткен Мариуполь қаласы. Украина билігі қаладағы ғимараттардың 90 пайызы бүлінгенін я түгел қирағанын айтады.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

6
Харьков облысындағы Изюм қаласын Украина әскері 2022 жылы қыркүйекте қайтарып алды. Киевтің есебінше, Изюмдегі ғимараттардың 80 пайызы қираған я ішінара бүлінген.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

7
Донецк облысындағы Покровское ауылын Ресей 2022 жылы жазда оккупациялап алды.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

8
Луганск облысындағы Попасная елді мекенін де Ресей оккупациялаған. Бірінші сурет 2021 жылы қазанда, екінші сурет 2022 жылы қазанда түсірілген.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

9
Харьков облысындағы Купянск қаласын Ресей соғыстың басында басып алған, ал былтыр қыркүйекте Украина қаланы азат етті. Ресей бұл қаланы ара-тұра атқылап жатыр.
Басқыншылыққа дейін

Басқыншылықтан кейін

10
Донецк облысындағы Бахмут үшін 2022 жылғы маусымнан бері кескілескен шайқас жүріп жатыр. Бұл қала бұл соғыстағы ең көп қан төгілген аренаға айналды. Спутник суретінен Ресей 2022 жылы желтоқсанда басып алған Бахмуттың бір бөлігі көрсетілген.