Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі облыс орталығындағы наразылық акциясы кезінде түсірген суреттер.
Ақтөбе: 4-6 қаңтардағы оқиғалар

1
Ақтөбедегі орталық алаңға билікке талабын айтуға жиналған адамдар. 6 қаңтар 2022 ж.

2
Жаппай наразылық акциясына шыққан адамдар билікке талабын айтып тұр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

3
Әкімдік ғимараты алдында тұрған полиция жасағы. 5 қаңтар 2022 ж.

4
Ақтөбе әкімдігі алдында тұрған полиция мен демонстранттар. 5 қаңтар 2022 ж.

5
Әкімдік ғимараты алдында тұрған полиция жасағы мен демонстрант. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

6
Суықта алаң шетінде от жағып жылынып тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

7
Алаңда тұрған жұрт жылынсын деп от жағу үшін әкелген отынды түсіріп жатқан адамдар. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

8
Қазақстан туын жамылған демонстрант. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

9
Еріктілер орталық алаңдағы қоқысты жинап жүр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

10
Әкімдік ғимаратына демонстранттарды өткізбей тұрған полиция күштері. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

11
Күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан сәт. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

12
Әкімдік ғимараты алдында тұрған күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атты. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

13
Демонстранттар полиция күштеріне тас лақтырып жатыр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

14
Күштік құрылым қызметкерлері демонстранттарды атқан резеңке оқты көрсетіп тұрған адам. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

15
Күштік құрылымдар өкілдері әкімдік ғимараты алдында тұр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

16
Ақтөбедегі наразылық кезінде күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан сәт. 5 қаңтар 2022 ж.

17
Полиция мен демонстранттар қақтығысынан соң алаңда шашылып жатқан CONDOR NON-LETHAL TECHNOLOGIES қалдықтары. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.

18
Билікке талап айтып, бейбіт акцияда тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

19
Ақтөбе облыстық әкімдігі алдына билікке талабын айтып, бейбіт митингіге жиналған адамдар. 6 қаңтар 2022 ж.

20
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров наразылық акциясына қатысушылар алдында сөйлеп тұр. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

21
Билікке талап айтып, бейбіт акцияда тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

22
Демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін орталық алаңда шашылып жатқан заттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

23
Орталық алаңда шашылып жатқан заттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

24
Ақтөбедегі наразылық акциясы кезінде күштік құрылымдар демонстранттарға қарсы ANTI-RIOT CARTRIDGES PKK-12 маркалы резеңке оқ қолданған.

25
Ақтөбедегі бейбіт наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген еріктілер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
ПІКІРЛЕР