Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі облыс орталығындағы наразылық акциясы кезінде түсірген суреттер.
Ақтөбе: 4-6 қаңтардағы оқиғалар

26
Суық күні алаңда от жағып жылынып отырған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

27
Ақтөбедегі орталық алаң, 6 қаңтар 2022 ж.

28
Орталық алаңның шетінде жатқан тас. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

29
Наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген адам. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

30
Наразылық акциясы екі күн қатарынан жалғасып жатқан орталық алаңға тігілген киіз үй. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

31
Орталық алаңға тігілген киіз үйде демонстранттарға ас әзірлеп жүрген әйелдер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.

32
Полиция 7 қаңтарда таңғы сағат 4:30 шамасында Ақтөбенің орталық алаңында арнайы операция өткізіп, наразылық акциясында тұрған 200-ге жуық демонстрантты алып кеткен.

33
Облыс әкімдігіне кіреберісте тұрған қарулы күзет. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

34
Ақтөбедегі облыс әкімдігі ғимаратындағы бүлінген кабинеттердің бірінде төрде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілулі тұр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

35
Әкімдік дәлізінің көрінісі. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

36
Наразылық тарағаннан кейін. Ақтөбе облысы әкімдігіндегі кабинеттердің бірі. 7 қаңтар 2022 ж.

37
Наразылық акциясынан кейін. Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде криминалистер саусақ ізін алып жатыр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

38
Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде саусақ ізін алып жатқан криминалист мамандар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

39
Наразылар алаңға тіккен киіз үйді жинап, орнын тазалап жатқан жұмысшылар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

40
Арнайы операция аяқталған соң жұма, 7 қаңтар күні күндізгі уақытта да полиция әкімдік маңынан бірнеше адамды ұстады. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.

41
Ақтөбедегі наразылық барысында зардап шеккен 36 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бір демонстрант реанимацияға түскен.
ПІКІРЛЕР