Ауғанстан мен Пәкістан футбол командалары 30 жылдан бері кездеспеген. 20 тамызда Кабул қаласында екі ел футболшылары ойнап, ауған командасы 3:0 есебімен ұтты. Ауғандықтар жеңісті жұрт болып тойлады.
Ауғанстан-Пәкістан футбол матчы

1
Ауған футболшылары Пәкістан қақпасына екінші голдарын соқты.

2
Матч басталған сәттегі жанкүйерлер.

3
Ауғандықтар стадионға кіру үшін кезекте тұр.

4
Пәкістан командасының қақпашысы Сахиб Ханиф.

5
Ауғанстан футболшылары алаңға қызыл киіммен шықты.

6
Ауған жанкүйерлері Санжар Ахмади салған алғашқы голға қуанып тұр.

7
Полицей стадиондағы тәртіпті қадағалап тұр.

8
Кейбір жанкүйерлер беттеріне Ауғанстан туының суретін салып келген.

9
Жанкүйерлер.

10
Ауған құрамасының футболшысы баспен гол соқты.

11
Пәкістан құрамасының қақпашысы Сахиб Ханиф (сол жақта).

12
Ауған футболшылары ойын аяқталған соң алаңға жиналды.