Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанда шілдеде сұйылтылған газ он пайызға қымбаттады. Энергетика министрлігі "бұл мәжбүрлі шара" деді. Себебі халыққа сатылатын газ бағасы "мұнай компанияларының шығынын ақтамайды" әрі "тапшылыққа да бағаның төмен болуы себеп" деп түсіндірді. Газдың қымбаттауы жөнінде жұрт не дейді?
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық елдерінің саммитін өткізіп, ұйым төрағалығын Қытай тарабына берді. Ұйым құрамына оныншы мемлекет болып Беларусь қосылды. Азаттық саммиттегі басты жаңалықтарды шолып, ұйымның геосаяси орны туралы сарапшылар пікірін білді.
Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозициялық журналист Айдос Садықовқа оқ атты деп күдікке ілінгендердің ұсталғанын хабарлады. Олар Қазақстанның екі азаматы болып шықты. Бірі — 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев, екіншісі — 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев есімді азамат.
Ақтөбеліктер бес тәулік бойы іздеген аутизмі бар бала Кәрімнің мәйіті 8 маусымда Елек өзенінен табылды. Осыдан кейін "Аутизм Қазақстан" ұлттық қауымдастығы үш күн бойы аза тұтатынын хабарлады. Ақтөбедегі аутист балалар орталығы да кешелі бері аза тұтып отыр.
Астанада «есірткі сатты» деген күдікпен тағы бір белсенді ұсталды. Асанәлі Сүйінбаевтың жақтастары бұны «саяси қудалау» деп санайды. Бұдан бұрын белсенді Айдар Сыздықов осы баппен қамауға алынған. Бірақ ішкі істер министрінің орынбасары азаматтарды «саяси белсенділігі үшін ұстамаймыз» дейді.
Семейде тұратын 32 жастағы Темірбек Малғаждаров перзентханада ажырап қалған сыңарын іздеп жүр. Егіз ұл Аягөз перзентханасында туып, шешесі бас тартқан. Үлкенін әлдебір отбасы асырап алады. Ал Темірбек бөбектер үйінде өседі. Ол «бауырымның тірі жүргенін сеземін, онымен қалай да кездесуім керек» дейді
Ақтөбе облысында мыңнан аса адам екі айға жуық уақыттан бері эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. Тасқын басталғалы үйлерін көрмеген. Олардың көбі — қаладан жер алуды, пәтер жалдауды қалтасы көтермей, жыл он екі ай саяжайда тұратын азаматтар. «Жағдайымыз жақсы болса да, көңіліміз алаңдаулы» дейді.
Үйін су басқан бір топ адам бүгін Ақтөбе әкімдігіне келіп, облыс әкімімен кездесуді талап етті. Олар «үйімізді су басқалы бір жарым ай өтсе де, шығын қалай өтелерін білмей отырмыз» дейді. Тұрғындарды әкімдік ішіне полиция жібермей тұрды. Әкім кездесуге шыққан жоқ.
Құлсарыда судың беті қайтып, тасқын құлатқан баспаналар үйіндіге айналған. 70 жастағы Амангелді Әбішев пен 63 жастағы Айгүл Ыстыбаева құлаған үйін көруге жиі келеді. «Ұзақ жыл пәтер жалдап, әрең соққан үйіміз еді, қартайғанда тағы да баспанасыз қалған ауыр екен» деп кемсеңдейді.
Астана іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары әкімдікке үйі су тасқынынан бүлінгенін дәлелдей алмай жүр. Кейбірінің үйі тұруға жарамсыз, бірнеше баспананың қабырға жарылып кеткен. Жұрт үйін амалсыз өзі жөндеп жатыр.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Қаратал ауылында су тасығанға дейін екі мыңға жуық адам тұрған. Қазір одағы 236 үй түгелге дерлік тұруға жарамсыз. Халқы босып кеткен. Мектеп, фельдшерлік пункт, кітапхана мен клуб та "апатты жағдайда" тұр. Азаттық тілшісі ауылдың жағдайын көріп қайтты.
Астанаға Қазақстанның әр өңірінен келген бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларын елге алдыруды сұрап, бас прокуратураға тағы да арызданды. Прокурорлар жұмыс жүріп жатқанын айтқан.
Ата-анасыз қалған жасөспірімдер үйінің түлегі, өскемендік Шыңғыс Құрманханның жиналған жәрдемақысына Жасөспірімдер үйі баспана сатып алып берген. Жас жігіт өзіне тиесілі қаржының әбден тозған, тышқан мен қоңыз басқан пәтерге жұмсалғанына наразы.
Түркістанда бір топ азамат "Қожа Ахмет Ясауи кесенесі құлауы мүмкін" деп алаңдап отыр. Қазір көне ғимарат құзданып, тұзданып кеткен. Кесене жанашырлары шұғыл халықаралық ғылыми-техникалық сараптама тағайындауды сұрайды. Нысанға жауапты музей-қорық әкімшілігі зерттеу жүріп жатқанын айтты.
Қарағандыда су жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған азаматтар ақшадан да, үйден де айырылып қалатын болдық деп алаңдайды. Себебі облыстық экономикалық сот 250 пәтерлі үйді күреп тастау туралы шешім шығарған. Сот шешіміне қарағанда компания заңсыз жұмыс істеген.
"Қазақстанда жалпыға ортақ декларация, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мүлкі туралы ақпарат ашық бола ма? Бұл туралы заңды нақты талап жоқ. Бүгін Азаттық сұрағына қаржы вице-министрі табысы туралы дерек құпия сақталатын қызметкерлер тобы болатынын айтты.
PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев 2023 жылы негізгі саяси оқиғалар жөнінде сауалнама жүргізіп, қоғам пікірін зерделегенін айтады. Азаттыққа берген сұхбатында ол авторитаризмнің түрленгенін, бірақ негізгі қасиетінен айнымағанын айтады.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты делінген Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты бүгін тағы үш іс қозғалғаны белгілі болды. Мыңдаған адамды тіксінткен оқиғадан соң әйелдерге қарсы қылмыс тақырыбын көпшілік қызу талқылады. Бұл нені өзгертті?
Астанада тұратын Ұлжан есімді әйел атын өзгертті. Үйдегі бес қыздың кенжесі "атыммен бірге келген ауыр жүктен шаршадым" дейді. Қазақта бірнеше қыз қатар туса, сәбиге "ұл" деп басталатын есім қою ырымы бар. Осылай кейінгі бала ұл тусын деп тілейді.
Тағы