Азаттықтың Украина қызметінің фототілшісі.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
2022 жылы наурызда Ресей әскерінің Украинаға басқыншылығы үдей бастағанда Азаттықтың Украин қызметінің фототілшісі Сергей Нужненко Буча қаласында болған еді. Арада бір жылдан аса уақыт өткенде фототілші Бучаға қайта барды.