Америкалық Stratfor барлау және сараптама орталығы орыс тілінің қолдану аясы тарылып, демографиялық, мәдени, саяси және технологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқандықтан, Кремльдің көршілерге ықпал ету мүмкіндігі азая береді деп болжайды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев сайлау алдында берген уәделерінің бірін орындауға кіріскендей. Бұл елдің алғашқы президенті Ислам Каримов 2016 жылы қыркүйекте бақилық болып, оның орнына келген жаңа басшы Өзбекстанның Орталық Азиядағы көршілерімен қарым-қатынасын жақсарту «басты мақсаты болатынын» айтқан.
Ресей басшылығы жастардың саяси наразылығын қалай бәсеңдетудің амалын іздеп, оларға көше шерулеріне қатысудың қаупі туралы дәріс оқып, видео көрсетіп әлек болып жатыр.
Түркіменстан спорттағы орнын дәлелдеп, қыркүйекте өтетін халықаралық додаға жоғары көрсеткішке жету үшін миллиардтаған доллар қаржы шығындады. Ал сыншылар "үкімет ақшаны бекер шашқанша, басқа салаларға жұмсаса, ел үшін әлдеқайда тиімді болар еді" дейді.
Шавкат Мирзияев Өзбекстанның президенті болып сайланғалы алғаш рет ресми сапармен Қытайға келді және бұл елде ол бірнеше күн аялдамақ. Мирзияев мамырдың 13-іне дейін ресми кездесулер өткізеді, мамырдың 14-і және 15-і аралығында Қытайда өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумына да қатысады.
Өзбекстандағы жанармай сататын мемлекеттік компания жұмысшылары өздеріне тиесілі еңбекақыны төлеуді басшылықтан талап етті. Бұрын Ислам Каримов президент болып тұрғанда бұлайша бас көтеру сатқындықпен пара-пар саналатын.
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен мамырдың 2-сі күні телефонмен сөйлесті. Екі ел басшысы желі арқылы осымен үшінші рет сөйлесіп отыр. Ал Германия канцлері Ангела Меркельмен Владимир Путин Сочи қаласында кездесті. Олар Украина мен Сирия дағдарысы кесірінен нашарлап кеткен қарым-қатынас жайын талқылады.
Ресей билігі сталиндік террордың сұмдықтарын әшкерелеген тарихшы Юрий Дмитриевке "балалар порнографиясымен айналысты" деген айып тақты. Достары мен әріптестері "оның үнін өшіргісі келген биліктің ойлап тапқан амалы" дейді.
Ресей билігі Черногория туралы жағымсыз пікір қалыптастырғысы келсе де, Балқандағы бұл елге демалуға баратын ресейліктер азайған жоқ.
Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткісі келгендерді онлайн тестілеуден өткізу туралы бастама көтергені үшін халықтың наразылығына ұшыраған Өзбекстан сыртқы миграция агенттігінің басшысы отставкаға кетті.
Ресей үкіметі Петербургтің тарихи орталығынан екі километрдей ғана қашықтықта тұрған су бетіндегі атом электр станциясын ядролық отынмен толтыруды жоспарлап отыр. Белсенділердің айтуынша, билік өкілдері бұл шешімді қабылдағанда халықтың пікірімен санаспаған.
Македонияда ұзаққа созылған саяси дағдарыс кезінде елде үкімет жасақталмай, халық наразылығы артып келеді. Сарапшылар мұның экономикалық және әлеуметтік салдары ауыр болуы мүмкін деп алаңдайды.
Франциядағы Euro 2016 футбол чемпионаты кезінде төбелесқұмар ресейлік фанаттардың лидеріне айналған Александр Шпрыгин 2018 жылы Мәскеуде өтетін футболдан Әлем біріншілігі қарсаңында қысым көре бастады. Ресей билігі келесі жылғы чемпионатта фанаттар бүлігінің Мәскеуде болғанын қаламайды.
Ташкенттегі белгілі имам ата-аналарды ұлдарын акушер-гинеколог мамандығына оқытпауға шақырды. Оның айтуынша, ерлердің бұл кәсіппен айналысуы – ұят нәрсе. Алайда, имам кейіннен «сөзімді бұрмалаған» деп, бұл пікірінен бас тартты.
Пекин жақын арада Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтаса бастайтын сияқты.
Еуропа Одағы (ЕО) басшылары кей саясаткерлер «қос жылдамдықты Еуропа» деп ат қойған жаңа идея ұсынды. Ол ұсыныс бойынша ЕО елдері дағдарыстан шығу үшін «қажет болған жағдайда әркелкі жылдамдықпен және түрлі қарқынмен, бірақ бірлесе әрекет етеді».
Наурыздың 26-сы күні Ресей қалаларында ондаған мың адам наразылық шерулеріне шықты. Мәскеудің өзінде ғана мыңнан аса адамды полиция ұсталды. Осы қаланың Тверь аудандық соты Коррупциямен күрес қорының құрылтайшысы Алексей Навальныйды шеру ұйымдастырып, полицияға бағынбағаны үшін 15 тәулікке қамап, 20 мың рубль айып салды.
Түркіменстан тарихында алғаш рет өткізетін ірі халықаралық спорт жарысының нышаны ретінде Орталық Азиядағы алабай тұқымды аңшы итті таңдап алған. Алайда ойынның «Вепалы» деп ат қойған символы елдің авторитар президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің көңілінен шықпаған.
Ресей президенті Владимир Путин Грузиядан бөлініп кеткен, бірақ халықаралық қауымдастық мойындамаған аймақ – Оңтүстік Осетияның кейбір отрядтарын Ресей қарулы күштерімен біріктіру туралы мемлекетаралық келісімге қол қоюға әзір екенін аңғартты.
Иранда Наурыз мейрамын сән-салтанатпен атап өтеді. Бірақ ондағы жаңа жыл тойы мөңке тұқымдас алтын балық пен саламандра кесірткелеріне қауіпті мерекеге айналып барады.
Тағы