Қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді.
Тіл белсендісі Қуат Ахметовті Ресейдің арнаулы қызметі Украинадан ұрлап әкетпек болған. Бұл жайт Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан мәлім болды. Әшкере болған ақпаратты "Досье" орталығының журналистері Азаттыққа берді. Белсенді ісінің мән-жайын өзінен және оны танитындардан сұрадық.
Қазақстандық белсенді Қуат Ахметовті Украинадан ұрлап әкетпек болған ресейлік агенттің жоспары іске аспай қалған. Бұл жайт "Досье" орталығы журналистерінің қолына түскен Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан белгілі болды. Азаттық белсенді ісінің мән-жайын өзінен және оны танитындардан сұрады.
Қазақстанда былтыр "ірі мөлшердегі есірткі тектес затты өткізу мақсатында алды, сақтады және тасыды" деген айыппен мыңнан аса адам сотталған. Олардың жартысынан көбі 16-29 жас аралығындағы жастар, көбі 10-15 жыл түрме жазасын алған.
Алматы облысында есірткі тасыды деп айыпталып, соты өтіп жатқан 26 жастағы Елизавета Терентьева сот залында қолын тілді. Анасы «Лиза бұл әрекетке әділетсіздікке шыдамағаннан барды» дейді. Олар судьяны ауыстыруды талап етті. Екі бойжеткен есірткі тасымалдады деген айыппен сотқа тартылып жатыр.
2022 жылы «Қаңтар оқиғасы» кезінде «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамалған Өзбекстан қазағы Мақсет Қанатбаев әлі табылмады. Ешқандай дерегі жоқ. Оны «шығарып жібердік» деген полиция мәлімдемесіне құқық қорғаушы сенбейді.
Алматының экономикалық соты Іле Алатау ұлттық паркімен шектесетін, 20 жыл жалға алынып, кейін жеке меншікке өтіп кеткен 846 гектар жерді мемлекетке қайтаруға пәрмен берді. Жерге иелік етіп отырған отставкадағы генерал Павел Новиков сот әділетсіз әрі заңсыз шешім шығарды дейді.
Алматыда зағип өнерпаздар шағын орталықтарда бірігіп, шеберлігін шыңдап жүр. Ән салады, түрлі аспапта ойнайды, өлең оқып, концерттерде өнер көрсетеді. "Өзіміз сияқты адамдарды қараңғылықтан құтқарғымыз келеді" дейді өнерді серік еткен жандар.
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері зорлады" деп шағынды. Кәмелетке толмаған қыз бойына біткен баланы денсаулығына байланысты алдырған. "Зорлау" бабымен іс қозғаған полиция күдікті кім екенін таба алмай жатыр. Арыз иелері "оларды білеміз" дейді.
Алматы тұрғыны прокуратурада өзін өртемек болды. Ол «мұндайға шарасыздықтан бардым» дейді. Полина Терентьеваның 27 жастағы қызы «есірткі тектес зат тасымақ болды» деген айыппен қамауда отыр. Кінәлі деп табылса, кемі 10 жылға сотталады.
Сарыөзек гарнизонының 19 жастағы сарбазы Досымжан Сәлімжан биыл мамырда госпитальде көз жұмды. Оны ұрып-соққаны үшін 7 жылға сотталған командирі «тек басынан сипадым» деп отыр. Ал сотқа келген солдаттар «тоқылдақ» болмау үшін істі жасырып келгенін айтты. Ананың көз жасы үшін кім жауап береді?
Миллиардер Болат Өтемұратовтың иелігіндегі "31-телеарна" мен informburo.kz интернет порталын сатты ма, әлде сыйға тартты ма? Медиахолдингтің жаңа иесі кім? Мемлекет қолдауымен құрылған үкіметтік емес ұйымға телеарна мен ақпараттық портал не үшін керек?
Миллиардер Болат Өтемұратов иелігіндегі "31-телеарна" мен informburo.kz интернет порталын сатты ма, әлде сыйға тартты ма? Медиахолдингтің жаңа иесі кім? Мемлекет қолдауымен құрылған үкіметтік емес ұйымға телеарна мен ақпараттық портал не үшін керек болды?
Ресей президенті Владимир Путин Моңғолияда сапарлап жүр. Халықаралық қауымдастық Улан-Батор оны Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот ордері бойынша тұтқындайды деп күтті. Алайда Моңғолия Путинді сән-салтанатпен қарсы алды. Ал Украинада Ресей зымырандарынан 40-тан астам адам қаза тапты.
2 қыркүйекте Ресей мен Украина бір-бірінің аумағына көп соққы жасады. Ресейдің Белгород облысында бір адам қаза тапты. Екі жақта жиыны 80-нен аса бейбіт тұрғын жараланды, әлеуметтік мекеме ғимараттары, үйлер қирады. Бірақ Мәскеу де, Киев те бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалғанын мойындамайды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Масс-медиа туралы» жаңа заңға сәйкес шетел журналистеріне аккредитация берудің жаңа тәртібін әзірлеп, талқылауға шығарды. Қазақстан билігінен аккредитация алу үшін шетелдік БАҚ пен оның журналисі қандай болуы керек? Жаңа ережені түсіндірейін.
Израиль армиясы Газа секторын әуеден де, құрлықтан да атқылап жатқалы 10 айдан асты. Палестина билігінің мәліметінше, Газа аумағында өлгендер саны 40 мыңнан асты. Израиль армиясы 28 тамызда Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық кемі төрт қалада «терроризмге қарсы операция» бастады.
АҚШ пен Батыс елдерінің санкциясына іліккен қазақстандық компаниялар саны 6-ға жетті. 23 тамызда АҚШ үкіметі Қазақстанда тіркелген CATU TECH жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қара тізімге қосты. Азаттық компанияның Астанадағы кеңсесіне барып, қандай компания екенін білуге тырысты.
Тағы