Ұлыбритания, Франция және Германия Украина мен Ресей соғысты тоқтату келісіміне қол қойған жағдайда, қазір Еуроодақта бұғаттаулы жатқан Ресейдің активтерін Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік ретінде пайдалану мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұны өз дереккөздеріне сүйеніп Financial Times газеті жазды.
Басылым Еуроодақтың ірі елдері Ресейдің активтерін тәркілеуге ұзақ уақыт бойы қарсы болып келгенін – ондайды сынға алғандар құқықтық қиындықтарын және мұндай шара инвестициялық ахуалға теріс әсер ететінін алға тартқанын атап өткен. АҚШ-тың Украинаға қатысты саясаты өзгеріп жатқан шақта Франция мен Германия, сондай-ақ Еуроодаққа кірмейтін Ұлыбритания, Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру жолдарын іздеп, осы идеяға қайта оралды деп жазған Financial Times.
Бұл жерде әңгіме бейбіт келісім жасалғанға дейін Ресейдің активтері тәркіленбейтіні жайлы болып отыр, Еуроодақтың бірқатар елі осындай ұсыныс айтқан. Алайда, егер Ресей атысты тоқтату туралы келісімді бұзса, онда активтер тәркіленеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Макрон Украина бойынша жоспар қандай екенін айттыФранция Президенті Эммануэль Макрон өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенде активтерді дереу тәркілеу халықаралық құқыққа қайшы болатынын, бірақ осы активтердің жайын бейбіт келіссөздерде талқылауға мүмкіндік барын айтқан. Бұрын БАҚ жазған идеялардың бірі – осы активтерді Украинаны қалпына келтіруге пайдалану мүмкіндігі жайлы еді. Reuters агенттігі дереккөздеріне сүйеніп, егер ол активтердің бір бөлігі қазір Ресейдің бақылауындағы Украинаның аймақтарын қалпына келтіруге жұмсалса, онда Мәскеу бұл ұсынысқа келісуі мүмкін екенін жазды. Активтерді тәркілеу қаупі Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік ретінде қаншалықты тиімді болатыны және Киевтің ондайға келісер-келіспейтіні белгісіз. Мәскеу активтерді тәркілеудің кез келген мүмкіндігін ресми түрде жоққа шығарып отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания мен Франция Украинамен бірігіп бейбітшілік жоспарын әзірлейді2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Батыста бұғатталған қаржының басым бөлігі – шамамен 190 миллиард еуро – еуропалық Euroclear клиринг орталығында сақтаулы жатыр. Сондай-ақ, Ресей активтерінің тағы бір бөлігі АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақтың бірқатар елінде бұғатталған. Осы активтерден түскен кірістер Еуропа елдерінің Украинаға берген 50 миллиард еуро қарызды қамтамасыз ететін қаражат ретінде пайдаланылып жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Еурокомиссия 150 миллиард еуро көлемінде қорғаныс қорын құруды ұсынады