Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинге ресми сапармен барып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Си Цзиньпин "Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін" Назарбаевпен бірге басқаруға дайын екенін айтты. 7 маусым 2018 жыл.
Назарбаевтың Қытайға сапары қалай басталды?

1
Си Цзиньпиннің Назарбаевты қарсы алған сәт.

2
Назарбаев Си Цзиньпинді Компартия төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтап, "Қытай арманын" жүзеге асыру ісінде Компартия рөлінің артқанын айтты.

3
Назарбаевтың айтуынша, екі ел басшылары 2012 жылдан бері 18 кездесу өткізіп, 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 құжатқа қол қойған.

4
Си Цзиньпин Назарбаевқа "Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін" деді.

5
Назарбаевтың сөзінше, 2017 жылы Астана мен Пекиннің өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтаған.

6
Назарбаев 9-10 маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне де қатыспақ.

7
Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойды.

8
Назарбаев Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановпен бірге отыр. Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесу кезінде Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қысым туралы сөйлескен я сөйлеспегені белгісіз. Бұл туралы Ақорда сайтындағы хабарламада айтылмаған.

9
Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен де кездесті.
ПІКІРЛЕР