Қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" номинациясында жеңімпаз атанды.
Самалдың жеңісі

1
Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде бас кейіпкерді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн фестивалінде "Үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы атанды.

2
Самал Еслямова жүлде алған сәт.

3
Петропавлда туып-өскен Самал Еслямова Ресей астанасындағы театр өнері институтының (ГИТИС) режиссерлік факультетін тәмамдаған, қазір Мәскеуде тұрады.

4
Самал Еслямоваға жүлдені италиялық актриса Азия Ардженто тапсырды.

5
Канн фестивалінде "Үздік ер рөлі" номинациясының жеңімпазы италиялық Марселло Фонте мен Самал Еслямова.

6
Самал түскен "Айка" фильмі – Мәскеуде босанған баласын перзентханаға тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.

7
Самал Еслямова мен режиссер Сергей Дворцевой қызыл кілемде.

8
Самал Еслямова Канн фестивалінде.