Сирияның солтүстік-шығысындағы түрмелер мен лагерьлерде мыңдаған ер, әйел және бала өмір кешіп жатыр. Олардың көбі «Ислам мемлекеті» террористік тобы күйреген соң қолға түскен. Ұсталғандардың біраз бөлігі - ИМ тобының мүшелері. Олар өз еліне орала ма, ол жағы белгісіз. Көп ел ИМ-ге қосылған азаматтарымен не істерін нақты шешпеді. Reuters агенттігінің фотографы Горан Томашевичтің 2020 жылы қаңтарда түсірген фотолары.
ИМ мүшелерінің шарасыз өмірі

1
ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендердің бірі Әл-Хасака түрмесінің ауруханасында отыр.

2
ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендер Әл-Хасака түрмесінің камерасында отыр.

3
ИМ мүшелері Әл-Хасака түрмесінде жаттығу жасап жатыр.

4
Түрмеде отырғандардың көбі Сирия мен Иракта ұсталған.

5
ИМ құрамында болған босниялық Алия Кесерович Әл-Хасака түрмесінің емханасында отыр.

6
ИМ мүшелерінің бірі түрме лазаретінде дәрігерге қаралып жатыр.

7
ИМ құрамында болғандар түрмеде намаз оқып жатқан сәт.

8
Ирактық Абед Әл-Хамед Атия түрмеде салған суретінің жанында отыр. Оған жеке камера бөлінген, себебі ұсталғандардың арасында Абедтің сурет салғанына қарсылар көп.

9
Ұсталғандар түрме камерасында отыр.

10
Босния және Герцеговинадан келген Моамера Мухамедагич ИМ мүшесінің әйелі болған. Қазір ол Сириядағы Әл-Рож лагерінде өмір сүріп жатыр.

11
Күрд шенеунігі Римелан (Сирия) қаласында ұсталған ИМ мүшелерінің паспортын көрсетіп жатыр. Құжаттардың арасында Қазақстанның паспорты бар. Қазақстан ҰҚК дерегінше, елден Сирия мен Иракқа мыңға жуық адам кеткен.

12
ИМ мүшелерінің жанұялары өмір сүріп жатқан Әл-Хол лагері. Қазақстан билігі "Жусан" операциясы кезінде Таяу Шығыстан 600-ге жуық азаматын елге алып келген. Олардың қырықтан астамы сотталып, қазір Қазақстан түрмесінде отыр.

13
Әл-Хол лагерінде жүрген балалар.

14
Әл-Хол лагерінде отырған әйел.

15
Әл-Хол лагеріндегі базарда жүрген әйелдер.