6 қаңтарда Вашингтонда Дональд Трамптың ашулы жақтастары Капитолий ғимаратына басып кіріп, америкалық заң шығарушылардың қарашадағы сайлау нәтижесін рәсімдеуін өткізуге кедергі келтірді. Саясаткерлер жиын өтетін залды тастап кетуге мәжбүр болды. Олар жұмысын Вашингтонда коменданттық сағат енгізген соң жалғастырды. 7 қаңтарда Конгресс Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін мақұлдады.
Трамптың ашулы жақтастары Капитолийге қалай басып кірді?

Трамптың ашулы жақтастары Капитолий ішінде жүр. Осы жердегі атыстан бір әйел қаза тапты. Жергілікті басылымдардың жазуынша, Капитолий ішінде оқ тиген әйел ауруханада көз жұмған. Ол Трамптың жақтасы болған және АҚШ әуе қарулы күштерінде жұмыс істеген.


Трамптың ашулы жақтастары дауыс санау болып жатқан сенат залына дейін жетті. Капитолий полициясы оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Вашингтон полициясы оқиға кезінде тағы үш адам қаза болғанын хабарлады. 52 адам бассыздыққа қатысты деген айыппен ұсталды.

Республикалықтардың қарсылығына қарамастан Конгресс сайлау қорытындысын рәсімдеу процесін жалғастырмақ. Республикалықтардың талпынысы демократ Джо Байденнің президент қызметіне кірісуіне кедергі келтіре алмайды. Себебі демократтар Өкілдер палатасындағы басым орынға ие. 7 қаңтарда Конгресс Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін мақұлдағаны хабарланды.

Трамптың әрекеттеріне қарсылығын білдіріп жүрген вице-президент Майк Пенс сессия жұмысы қайта жалғасқан соң "Капитолий ішінде хаос жасау арқылы сіздер жеңіске жете алмадыңыздар" деді.













9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306, Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.