Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Қытай мұсылмандарын қолдау және парламенттегі төбелес

1
Кашмирдегі суфилер мешітінде мұсылмандар құлшылық жасап жатыр. Үндістан, 21 желтоқсан 2018 жыл

2
Украина ұлтшылдарының Львовтағы маршы. 21 желтоқсан 2018 жыл

3
Индонезиядағы мұсылмандар Шыңжаңдағы аз ұлттарды қолдап, марш өткізді. БҰҰ дерегінше, Қытайдың Шыңжаң аймағындағы саяси тәрбиелеу лагерьлерінде миллионға дейін мұсылман қамауда отыруы мүмкін.

4
Албания парламентегі кикілжің. Депутаттардың бірі парламенттегі дебат кезінде шыдамай, Албанияның премьер-министрі Эди Рамаға жұмыртқа лақтыруға тырысты

5
Украина депутаттары да осы аптада кезекті отырыстан кейін төбелесіп қалды. 20 желтоқсан 2018 жыл.

6
Ресейдің жаңа мұзжарғыш кемесі Андрей Вилкитский Нева өзенінде жүзіп барады

7
Санта-Клаус киімін киген жастар жаңа жыл алдында безендірілген көшелердің бірінде әңгімелесіп тұр. Алматы, 20 желтоқсан 2018 жыл

8
Мәскеудегі дәмханалардың бірі. Үлкен экраннан Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайынғы конференциясы көрсетіліп жатыр. Мәскеу, 20 желтоқсан 2018 жыл

9
"Союз МС-09" ғарыш кемесінің капсуласы үш астронавтымен бірге Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі маңға қонған. Ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, америкалық астронавт Серена Ауньон-Чэнселлер және германиялық астронавт Александр Герст ғарыш станциясында 197 күн болып, түрлі зерттеулер жүргізген

10
Инженер Иан Татер Прагадағы Чарльз көпірінде орнатылған көне лампаны жағып жатыр. 18 желтоқсан 2018 жыл

11
Минскідегі жаңа жылдық шырша астында шабаданын сүйреп бара жатқан ер адам. 19 желтоқсан 2018 жыл

12
Будапешттен солтүстік-шығысқа қарай 115 шақырым жерде орналасқан Сошартьян шағын елді мекені

13
Валдай өзені бетіндегі түрленген мұз. Табиғатта мұндай құбылыс сирек кездеседі

14
Орегон штатындағы теңіз толқындары. АҚШ, 17 желтоқсан 2018 жыл

15
Санта-Клаус киімін киген жүзгіш су астында өнер көрсетіп жатыр. Токио, 18 желтоқсан 2018 жыл

16
Ресейдің Трансбайкал аймағындағы қатаң режимді колонияда тамақ ішіп отырған тұтқындар

17
Мәскеу маңындағы Перемилово ауылында күн батып барады

18
Қатты жел ресейлік Кузьма Минин кемесін Англияның оңтүстік-батысындағы жағалауға жеткізіп, кеме сол жерде қайырлап тұрып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген

19
Серуендеп жүрген әйел. Мәскеу, 20 желтоқсан 2018 жыл

20
Жаңа жыл алдындағы Белград

21
Бішкектегі жарыста өнер көрсетіп тұрған бодибилдер

22
Будапештегі наразылық шарасында оппозициялық партия өкілі "сигнал ракетасын" ұстап тұр. Шерушілер депутаттар ұсынған жаңа еңбек заң жобасына қарсы.

23
Чех шаңғышысы Эстер Ледека әйелдер арасында Италияда өтетін әлемдік чемпионатқа дайындалып жатыр. 17 желтоқсан 2018 жыл

24
Кунар провинциясындағы әуе шабуылы кезінде жараланған кішкентай қызын ұстаған ауған әйелі. Ресми дерек бойынша, талибан басшысын атуды көздеген операция барысында кемінде 20 адам өлген. Олардың 12-сі - бала.

25
Түркия қолдайтын Сириядағы солдаттары Алеппо маңында жаттығу өткізіп жатыр