65 жыл бұрын СССР басшысы Иосиф Сталин инсульттан қайтыс болды. Содан кейін бірнеше жылдан кейін сталиндік азаптау мекемесі - ГУЛАГ (Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы) жойылды. Совет одағының түкпір-түкпірінде орналасқан осы лагерлерде миллиондаған адам қамауда отырды. ГУЛАГ тікелей Сталиннің бұйрығымен құрылды.
Сталиндік жазалау лагерьлері

1
ГУЛАГ орналасқан жерлерді көрсететін карта.

2
Қазақстанның Қарағанды жеріндегі Карлаг ГУЛАГ жүйесіндегі ең ірі лагерьлердің бірі болды. Қарағанды лагерінде 800 мың адам отырды.

3
Қамаудағы әйелдер нашар жылытылған барак үйлерде тұрды.

4
ГУЛАГ-тағы ыдыс-аяқ.

5
Лагерьдегі адамдарды СССР тегін жұмысшы күші ретінде пайдаланды. Қамудағылар канал, жол, өндіріс орындары құрылыстарын салды. Суретте: Беломорканал құрлысындағы тұтқын әйелдер. 1932 жыл.

6
Беломорканал.

7
Лагерь басшылары сөйлеген жиналыстан соң. 1932 жыл.

8
Лагерьдегі тігін цехы. 1932 жыл.

9
Тұтқынның таңба соғылған күпәйкесі.

10
Лагерьдегі таңғы ас.

11
Тұтқындар темір жол құрылысында.

12
Лагерьдегі лазарет.

13
1948 жылы құрылған Озерное лагері. Озерлагта қамауда отырған адамдар БАМ (Байкал-Амур магистралі) құрлысына жегілді.

14
Озерлагтағы ағаш кесушілер.