Алматыда балаларға робот жасауды үйрететін мектеп ашылды. Оны ашқандар "балалар осы арқылы ғылым мен техникадан хабардар болып, зерттеудің әліппесін біле алады" дейді.
Робот жасаушы балалар

1
Оқушылар сабақ сайын бір-екі нәрсе құрастырады. Сабақ соңында роботтарын сайыстырады.

2
Роботты тексеріп отырған балалар.

3
Сабаққа STEM (ғылым, технология, инжиниринг, математика) принципі басшылыққа алынған. Дәріс кезінде физика, математика, мехатроника, алгоритмика, программалау, электроника мен микропроцессор жүйелері негіздері де үйретіледі.

4
5 жасар Максим үй құрастырғанды жақсы көреді.

5
Альмира мен Дәмелі робот құрастырып отыр.

6
5-7 жасар балалардың мұндай нәрсе құрастыруы ақыл-ойы мен қимылына пайдалы екенін айтады.

7
5 жасар Владик бұл жерге қараша айынан бері келіп жүр.

8
Робот жасап отырған бала.