Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Өртенген ғимарат, қираған банк. Наразылықтан кейінгі Иран

1
Тегерандағы наразылық кезінде өртенген ғимарат. Ел билігі бензин бағасын көтерген соң ірі қалаларда халық жаппай наразылыққа шықты.

2
Шахрияр қаласындағы наразылық кезінде қаза тапқан Ислам революциясы сақшыларының корпусының мүшесін жерлеу рәсімі. Артқы пландағы ғимарат та наразылық кезінде қираған.

3
Тегерандағы жанармай құю станциясы. Халықаралық ұйымдар наразылық кезінде екі жүздей адам мерт болғанын айтады. Иран билігі 12 адам қаза тапқанын хабарлады.

4
Шахриярдағы қираған сауда орны.

5
Shahr банкінің өртенген ғимараты. Шахрияр қаласы

6
Наразылық кезінде қаза тапқан әскеридің жерлеу рәсімі. Шахрияр қаласы.

7
Істен шыққан банкомат. Шахрияр қаласы.

8
Фотогалереядағы суреттердің көбі 20 қарашада түсірілген.

9
Өртенген ғимарат.

10
Шахрияр қаласындағы Иран ұлттық банкінің ғимараты да зақымданған. Иран билігі елдегі наразылыққа "сыртқы жауларды" айыптады.