Қарағанды облысындағы Бектауата тауының ерекше жартастары мен жоталары мұнда келген жұртты қызықтырады.
Бектауата көріністері

1
Аңызға қарағанда, Бек деген әулие кісі бұл таудағы үңгірлердің бірінде өмір сүрген.

2
Бұл маңда жартас та, жазық та, шағын сулар да бар.

3
Бұл жартасты қайнаған жанартаудан пайда болған деседі.

4
Жатаған жоталарға шығу қиын емес.

5
Бұл маңның жартасты таулары онша биік болмайды.

6
Геологтардың болжамынша, мыңдаған жылдар бұрын қайнаған вулкан тасты ерітіп, бірақ атылмай тұрып қалған - содан осы тау пайда болған.

7
Жел мүжіген жартастар әртүрлі кейіпке енген.

8
Саяхатшылар бұл жердің табиғатын "тура бір ертегідегідей" деп сипаттайды.

9
Сайдағы бұлақтан шығып жатқан тұщы суды жергілікті халық шипалы деп біледі.

10
Бектауата 4 мың гектардай жерді алып жатыр.