Шымкенттен 10 километр жердегі Қайнарбұлақ саяжайындағы «Пресс тұтыну» кооперативінің 364 үйі «қазанның 1-інен бері жарықсыз және ауыз сусыз отырғандарын» айтады. Ал Шымкенттің Қаратау ауданы әкімі «бұл - кооперативтің ішкі дауы, оның ішкі ісіне араласа алмаймыз» дейді.
Жарықсыз, сусыз Қайнарбұлақ

1
Қайнарбұлақ саяжайындағы "Пресс тұтыну" кооперативі тұрғыны, көпбалалы ана Айнұр Жақсылықова көрші кооперативтен ауызсу тасып жүр. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

2
Қайнарбұлаққа ауызсу құбырын тартып жүрген құрылысшылар. Шымкент қалалық әкімдігі өкілдері құбыр құрылысының жыл соңына дейін аяқталатынын айтады. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

3
"Пресс тұтыну" кооперативіндегі жеке тұрғын үйлердің бірі. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

4
Қайнарбұлақтағы көше. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

5
Қайнарбұлақтағы "Пресс тұтыну" кооперативіне қарасты үй тұрғындары жарықсыз, ауыз сусыз, газсыз күнелтіп отыр. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

6
Қайнарбұлақ саяжайы тұрғындары ішер суды көрші кооперативтен тасиды, ал ыдыс-аяқ, кір жууға, жуынып-шайынуға жаңбыр суын жинап, пайдаланып отыр. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

7
Қайнарбұлақтағы балалар. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

8
"Пресс тұтыну" кооперативінің тұрғындары техникалық су жинайтын ыдыс. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.

9
"Пресс тұтыну" кооперативіндегі 364 отбасына су жіберетін орын. Шымкент, 14 қазан 2015 жыл.