Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум

1
Жексенбі, 5 маусымда жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7-де елдегі 10 мыңнан астам референдум учаскесінде Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумға дауыс беру басталды. 17 референдум учаскесінде таңертегі сағат 6-дан бастап дауыс берді. Дауыс беру кешкі сағат сегізде аяқталады.
Суретте: Алматыдағы референдум учаскелерінің бірінде дауыс беріп тұрған адам.
Суретте: Алматыдағы референдум учаскелерінің бірінде дауыс беріп тұрған адам.

2
Референдум жөніндегі орталық комиссияның дерегінше, елде 10 мыңнан астам, ал Қазақстаннан тыс жерде - 52 мемлекетте 65 дауыс беру учаскесі ашылған.

3
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген сайлау учаскесі орналасқан Оқушылар сарайы ғимаратына Азаттық тілшілерін президент күзеті мен полиция өкілдері кіргізбей қойды. Нұр-Сұлтан, 5 маусым 2022 жыл.

4
Қазақ-британ техника университеті ғимаратының қалқасында тұрған полиция көліктері. Шетелде тұратын бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын референдум өтетін күні наразылық акциясына шығуға шақырған. Алматы, 5 маусым 2022 жыл.

5
Орталық референдум комиссиясының Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-ке дейін қанша сайлаушы дауыс бергені туралы мәліметі. 5 маусым 2022 жыл.

6
Шымкенттегі №77 референдум учаскесі. Аудандық аумақтық комиссия төрағасы осы және тағы бір учаскеге Азаттық тілшісін кіргізбей қойды. 5 маусым 2022 жыл.
Шымкенттегі №77 референдум учаскесі. Аудандық аумақтық комиссия төрағасы осы және тағы бір учаскеге Азаттық тілшісін кіргізбей қойды. 5 маусым 2022 жыл.

7
Тіркелмеген "Демократиялық партия" белсенділері Инга Иманбай, Аружан Дүйсебаева және тағы бірнеше адам қамаудағы саясаткер Жанболат Мамайды босатуды талап етті. Олар "Тоқаев, Қаңтар тізімін жарияла!" деп те айқайлады. Алматыдағы Республика алаңы, 5 маусым 2022 жыл.

8
Белсенді Инга Иманбай №253 референдум учаскесінде "Тоқаев, Жанболат Мамайды босат! Қаңтар тізімін жарияла! Саяси тұтқындарды босат! Назарбаевты сотта!" деген талаптар жазылған бюллетеньді көрсетіп тұр. Алматы, 5 маусым 2022 жыл.

9
Алматыдағы N529 референдум учаскесінде дауыс беріп жатқан полиция қызметкері. 5 маусым 2022 жыл.

10
Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум. 5 маусым 2022 жыл.

11
№122 референдум учаскесіндегі бейнекамералардың бетін қағазбен жауып тастаған. Нұр-Сұлтан, 5 маусым 2022 жыл.

12
"Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласындағы №122 референдум учаскесінде дауыс беріп тұр. 5 маусым 2022 жыл.

13
Орталық референдум комиссиясының Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-ге дейін референдумға қанша адам дауыс бергені туралы мәліметі. 5 маусым 2022 жыл.

14
Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов дауыс беруге келіп тұр. №110 референдум учаскесі. Нұр-Сұлтан, 5 маусым 2022 жыл.

15
Дауыс беріп тұрған қарт адамдар. Нұр-Сұлтан қаласы, №122 референдум учаскесі. 5 маусым 2022 жыл.

16
Ақтөбедегі №535 референдум учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 5 маусым 2022 жыл.

17
Алматы қаласындағы N529 сайлау учаскесінде бір кабинада дауыс беру бюллетеніне белгі қойып жатқан адамдар. 5 маусым 2022 жыл.

18
Алматы қаласындағы N529 сайлау учаскесінде бір кабинада дауыс беріп тұрған адамдар. 5 маусым 2022 жыл.

19
Алматыдағы референдум учаскесінде дауыс беріп жатқан адам. 5 маусым 2022 жыл.

20
Шымкенттегі №77 референдум учаскесі. 5 маусым 2022 жыл.

21
Қарағанды облысы, Қазыбек би ауданындағы мектептің спорт залында орналасқан референдум учаскесінде.

22
Шымкенттегі №77 референдум учаскесінде комиссиядан дауыс беретін бюллетенін алып тұрған адам. 5 маусым 2022 жыл.

23
Шымкенттегі №216 референдум учаскесінде отырған бақылаушылар. 5 маусым 2022 жыл.

24
Атыраудағы №39 референдум учаскесіндегі дауыс беру. 5 маусым 2022 жыл.

25
№122 референдум учаскесіндегі бақылаушылар. Нұр-Сұлтан, 5 маусым 2022 жыл.
ПІКІРЛЕР