26 қарашада Алматыда қоғам белсенділері мен туыстары Арон Атабекті жерледі. Жұртшылық саяси тұтқын, диссидент, ақынды ақтық сапарға марқұмның қарындасы Рәзия Нұтышеваның үйінен шығарып салды.
Арон Атабекті Алматыда жерледі

26
Журналист, азаматтық белсенді Рысбек Сәрсенбай саяси диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында сөйлеп тұр.

27
Саясаткер Балташ Тұрсымбаев Атабектің жаназа асында сөйлеп тұр. Оң жақта отырған - белсенді Бесжан Төлеубекұлы.

28
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң өлім жазасына кесіліп, кейін сот үкімі 20 жыл түрме жазасына алмастырылған, 7 жыл абақтыда отырып шыққан Мырзақұл Әбдіқұлов саяси диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында отыр.

29
Сәуле Сәдуақасова (микрофонмен сөйлеп тұр), Әсия Бақаева (оң жақтан екінші) және өзге бірнеше белсенді саяси диссидент, ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға астанадан Алматыға арнайы келген.

30
Cаяси тұтқын, диссидент, ақын Арон Атабектің жаназа асында сөйлегендерді смартфонға түсіріп отырған адамдар.
ПІКІРЛЕР