Алматыда бүгін жаңадан екі метро бекеті ашылды. «Сайран» бекеті Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында, «Мәскеу» станциясы – Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелері арасында орналасқан. Қазір Алматы метрополитенінде станциялар саны тоғызға жетті. 18 сәуір 2015 жыл.
Алматы метросында жаңа екі бекет ашылды

1
Алматы метросындағы жаңадан ашылған «Мәскеу» бекетіндегі алғашқы жолаушылар. 18 сәуір 2015 жыл.

2
Алматы метросындағы «Мәскеу» бекетінің есігін ашып жатқан метрополитен қызметкері. 18 сәуір 2015 жыл.

3
Алматы метросында жаңадан ашылған «Мәскеу» бекетінің қабырғалары Ресей астанасындағы Кремль қабырғасына ұқсатып қызыл түскен боялған.

4
Алматы метросындағы жаңадан ашылған «Мәскеу» бекетінде лифтке мүгедектер арбасымен кіріп жатқан ер адам. 18 сәуір 2015 жыл.

5
Алматы метросының жаңадан ашылған «Мәскеу» бекетіндегі алғашқы жолаушылар турникеттерден өтіп жатыр. 18 сәуір 2015 жыл.

6
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы метросында жаңадан іске қосылған "Мәскеу" және "Сайран" бекеттерінің ашылу рәсімінде. Алматы, 18 сәуір 2015 жыл.

7
Алматы метросындағы жаңадан ашылған «Сайран» бекетінде пойыз жолына қарап тұрған ер адам мен қыз бала. 18 сәуір 2015 жыл.

8
Алматы метросының «Сайран» бекетіне келген пойыз. 18 сәуір 2015 жыл.

9
Метро пойызының вагонында. Алматы, 18 сәуір 2015 жыл.